Тамыз айында жанармай қымбаттамайды

Алматыдағы жанармай бекетінің бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның мұнай және газ министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директоры Қуандық Сағындықұлы Азаттық тілшісіне "тамыз айында бензин мен дизель отынының қымбаттамайтынын" айтты.

"Әлеуметтік желілерде тараған лақаптан хабардар екенін" айтқан департамент директоры «Ешқандай қаулы, заңға сүйеніп шешім шығарған жоқпыз. Тамыз айында жанармай қымбаттайды деген - жалған ақпарат» деді.

Бүгін Қазақстанда бірнеше ақпарат құралдары мен сайттарда "АИ-92/93 маркалы бензин 141 тенгеге, АИ-80 маркалы бензин 122 теңгеге, дизель 129 теңгеге қымбаттайды" деген ақпарат пайда болған еді.