Сенбі күні Ирак астанасы Бағдат қаласының үш ауданында автокөліктерге орнатылған бомба жарылысынан кемінде 15 адам қаза тапқан. Жарылыстар шииттер тұратын аудандарда болған.
Соның алдында Бағдаттың оңтүстігіндегі бақылау-өткізу бекетінде жанкешті өзін өзі жарып жіберіп, кемінде жеті адам мерт болғаны хабарланған еді.
19 шілде күні болған шабуылдар салдарынан 40-тан аса адам жараланған.