Кабулда шабуылдан төрт адам мерт болды

Әуежай маңындағы жарылыс болған тұста тұрған қауіпсіздік қызметкері. Кабул, 22 шілде 2014 жыл.

Бүгін Ауғанстан астанасындағы халықаралық әуежай маңында болған жарылыстан үш шетелдік пен аудармашы – ауған азаматы қаза тауып, алты адам жараланғаны хабарланды.

Сыртқы істер вице-министрінің хабарлауынша, мотоцикл мінген жанкешті Ауғанстан үкіметі кеңесшілері болып істейтін шетелдіктер тұрған ғимарат есігі алдында өзін өзі жарып жіберген.

Қаза тапқан шетелдіктердің қай елдің азаматтары екені айтылмады. Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Ауғанстанда бүлікшілер әуежайды зымыранмен жиі атқылайды. Бірақ әуежай маңындағы нысандарға күшті күзет қойылғандықтан оларға шабуыл сирек жасалады.