Зағип мекемесіндегі аштық
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыдағы «Зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне қарасты кәсіпорынның бұрынғы директоры Алтынай Ибрагимова мен бұрынғы жұмысшысы Гүлназ Бекбосынның қызметтеріне қайта алуды талап етіп, кәсіпорын аумағында аштық жариялап жатқанына жетінші күн болды. Алтынай Ибрагимова «Зағиптар қоғамы» президенті Байболат Әубәкіровтің «Ибрагимова жұмысқа қайта алынсын» деген сот шешімін орындамай отырғанын айтады. Әубәкіровтың заңды өкілі Сергей Огай «Ибрагимованың үстінен көтерілген қылмыстық іс тоқтатылды деген тергеуші шешімін прокурор мақұлдаған соң ғана оны қайта жұмысқа алуға мүмкіндік туатынын» айтады. Кәсіпорын қақпасында "өндірістік қиындықтарға байланысты жұмыс тоқтатылғаны" жайлы хабарландыру ілулі тұр. Алматы, 22 шілде 2014 жыл.