Әйелдер әйелдерге гүл сыйлады

Флешмобқа тек әйелдер жиналды.  

Кейбір әйелдер балаларын ерте келді.  

Флешмобтың ерекшелігі - әр әйел гүл ала келуі тиіс.  

Әйелдер қол ұстасып, тілек айтты.   

Әйелдер көздерін жұмып тұрып, жер бетінде бейбітшілік орнауын тіледі.  

Әйелдер флешмобына ер адамдар алыстан қарап тұрды.  

Жиналғандар әлемдегі әр әйелге махаббат пен бақыт тіледі.  

Бұдан соң әйелдер сол маңнан өткен әйелдерге гүл сыйлады.  

Флешмоб жоспары бойынша, әйелдерге әдемі екенін ескерту керек.  

Гүл сыйлаған әйелдер жақсы сөз айтуы тиіс.  

Мұндай флешмоб кейбір әйелдерге таңсық көрінді. Бірақ олар гүл сыйлап, тілек айтқанға қуанып жатты. 

Ұсынған гүлді алмай кеткен ешкім болмады. 

Гүл алған әйелдердің жүзіне күлкі үйірілді.