Гелетей: Украина әскері жеңіске жақындады

Украинаның қорғаныс министрі Валерий Гелетей.

Украина әскері Донецк және Луганск облыстарында әрекет етіп жатқан ресейшіл сепаратистермен соғыста елеулі табысқа жетті деп мәлімдеді BBC-ге берген сұхбатында осы елдің қорғаныс министрі Валерий Гелетей.

Ол үкімет әскерінің малайзиялық ұшақ құлаған аумақты бақылауына алғаны маңызды деді. Миинстрдің сөзінше, сепаратистердің біршама адам шығынына ұшырағанына қарамастан, олардың саны бұрынғыдай 15 мыңға жуықтайды. Гелетей сепаратистерге Ресейден жаңа күш қосылып жатқанын да айтады.

Арнайы операция баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында 3 тамызда украин әскерилерінің позициясы сепаратистер мен Ресей жағынан атқыланғаны жайлы хабарлады. Күндіз Луганск аэродромы мен Новоанивка ауданындағы украин әскерінің позициясы "Град" кешенінен, Майорск селосындағы блокпост - минометтен атқыланған.

Баспасөз қызметі Украина қауіпсіздык қызметінен алынған деректерге сүйеніп, сепаратистер жалдамалылар ретінде пайдаланған 300-ден аса адам тұтқындалғанын, олардың арасында Ресей мен өзге де елдердің 11 азаматы барын хабарлады.