Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда баспана мен жер дауына байланысты мәселелер жылдан жылға күрделеніп барады. Астанада бір-екі пәтерге бар қаржысын салып, ақырында түксіз қалған үлескерлер шарасыздық күйге түсіп отырса, Алматы маңындағы даулы жерлердің тұрғындары әлі өз баспаналарын заңдастыра алмай жүр. Оған қоса, енді олар Бақайдың ескі және жаңа тұрғындары болып екіге бөлініп, өзара келісімге келе алмауда. Бұл істе алғашқылары кейінгілерін «сыбайлас жемқорлыққа жол берді десе, соңғылары алғашқыларының бұл ісін «пендешілік пен көре алмаушылық» деп бағалайды.