Апта тынысы

Your browser doesn’t support HTML5

1. Қазақстандағы баспанасыздар мәселесіне БҰҰ-ның өкілі Ракель Рольник қатты алаңдаушылық танытып кетті. 2. Алматыда “Озбырлықпен күрес” атты жаңа қоғамдық ұйым құрылып, қамауда отырғандардың құқығын қорғаймыз деді 3. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты Долинка түрмесінде болған оқиғаға қатысты сот процесін бастады. 4. Журналистерді қорғау комитеті «Баспасөз бостандығына шектеу қойған Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ұстанымына қайшы келіп отыр» деген баяндама жариялады 5. Мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау жиынына қатысушылар президент Назарбаев мемлекеттік тілде сөйлесін деген талап қойды 6. Шетелде тұратын өзбектер бірнеше елде Қазақстан елшілігінің алдында пикет өткізіп, Қазақстан үкіметінен 29 өзбек босқынын еліне қайтармауды сұрады