Уақыт бедері

Your browser doesn’t support HTML5

Психолог мамандар адамның аты оның өміріне тікелей әсер ететіндіктен мағыналы есім қойған жөн дейді. Сонымен қатар тарихта есімі қалған ұлы адамдардың атын балаға қоюға әуес болмауға кеңес береді. Балаға ұлы адамдардың есімін қою мамандардың айтуынша, психологиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір жауапкершілікті жүктейді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп - Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп - Абай, батыр болсын деп -Едіге, Жәнібек, Алпамыс деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Ал, кейбір отбасылар баласының аты ерекше болуын қалағанымен мағынасына мән бере бермейді дейді олар. Көп ата-ана белгілі ғұлама тұлғалардың атын сәбиіне берудіәң балаға ауыр болатынын да айтады. Қазақта баланың атын көп жағдайда баланың анасы емес туған туыстары қояды. Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қоятын болған. Ақын Қадыр Мырзалиев өзінің атының Қадыр түні туғандықтан ата-анасының ырымдап қойғанын, бірақ бұл есімнің өз өмір жолына әсері болды дегенге сене бермейтінен айтады.