Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

40 күннен бері түрмеде отырып аштық жариялап жатқан Ермек Нарымбаев талаптары орындалмаса ауызын тігіп тастайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы ол қыркүйектің 28-і күні журналистерге жолдаған хатында атап көрсеткен. Қарағанды облысындағы АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіпке бағынбаған деген айыппен үстінен іс қозғалған Евгений Караушқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Ал Евгений Карауштың жақтастары мен мен қорғаушысы осы түрмеде маусым айының аяғында өзіне қол жұмсап қаза тапқан Максим Кожановтың өлер алдындағы хатын жария етті. Мәскеудің мызғымас мэрі Юрий Лужков Ресей президенті Дмитрий Медведевтің жарлығымен қызметінен босатылды. Саяси шешімдер институты 2012 жылғы президент сайлауына қазақстандықтардың үштен екісі қатысады деген болжам жасап отыр.