Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев инсульт алды деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі өзінің бұлақ көзіне сілтеме жасай отырып; Владимир Ким "Қазақмыстың" акциясының бір бөлігін 1 миллиард 342 миллион долларға Қазақстан үкіметіне сатқан. Ресей астанасы - Мәскеу қаласында мешіт құрылысына қатысты дау-дамай өршіп тұр. Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның адамзат өлшемі бойынша конференциясына түркмендік үкіметтік емес ұйымдар кіргізілмеген, ал халықаралық өзбек босқындарын қорғау комитеті Қазақстандағы босқындарды Өзбекстанға қайтармау талабымен конференция өтіп жатқан мейманхана алдында наразылық акциясын өткізді.