Дөңгелек үстел
Your browser doesn’t support HTML5
19 қараша күні Нью-Йорктің аймақтық сотында атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша америкалық кәсіпкер әрі банкир Джеймс Гиффенге үкім шығарылды. Сонау баста 20 жылдық түрме жазасы мен миллиондаған доллар айыппұл төлеу қатері төнген Гиффен - сот үкімі бойынша - тергеу абақтысында бір түн өткізумен және сот шығындарына 25 доллар жарна төлеумен құтылды. Ал оның «Меркатор» корпорациясы 32 мың доллар ғана айыппұл төлейтін болды.