Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Сейсенбі күні өз атымен аталатын университет студенттеріне дәріс оқыған Қазақстан президенті Н.Назарбаев бұл оқу орны болашақта Нобель сыйлығының лауреаттарын тәрбиелеп шығарады деген үмітін білдіре келе, адамды жасартып, өмір жасын ұзартатын дәріні ойлап табу қажеттігін тағы қайталап өтті. «Қорғас» бекетіндегі жемқорлық жайында мәлімдеп жүрген кәсіпкер Қанағат Тәкеева Алматыда журналистермен тағы бір мәрте кездесіп, бұл жолы президентке қайрылатынын айтты. Алматы мен Астанада баспасөз-мәслихатын өткізген құқық қорғаушылар Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға болған жылы да елдегі адам құқтарының жағдайы жақсара қоймады деп мәлімдеді.