Дөңгелек үстел
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда бейресми билік институты бар. Елдегі орыс тіліндегі басылымдар бұл биліктің өкілдерін «агашки», «ағатайлар» деп атайды. Азаттық радиосының осы жаңа да ескі құбылыстың қазақ қоғамындағы атқаратын рөлі мен маңызына арналған кезекті дөңгелек үстеліне қатысушылардың айтуынша, ең қуатты да ықпалды ағатайлар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын маңайына шоғырланған. Олардың бейресми билік құзыры мен ықпал-беделі тіпті мемлекеттік биліктің атқарушы билік - үкімет, заң шығарушы билік - парламент сынды тармақтарының және жергілікті билік - әкімдердің де билік ықпалынан зор көрінеді.
Сонымен «агашкалар» немесе «ағатайлар» дегеніміз кімдер және олардың рөлі мен маңызы неде? Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті дөңгелек үстелінде осы мәселелер қаралады. Дөңгелек үстелдің толық аудио-мәтінін Азаттықтың интернет-сайтынан тыңдауға болады.