Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан парламентінің Сенаты бейсенбі күні президент Назарбаевтың өкілетін 2020-шы жылға дейін ұзартуға қатысты референдум өткізу және Конституцияға тиісінше өзгеріс енгізу туралы Мәжілістің ұсынысын бірпуыздан қолдады.
Бастамашыл топ президенттің өкілетін ұзартуға қатысты қол жинап, парламенттің қос палатасы ол ұсынысты қолдап жатса, Қазақстанның батыс өңірінде референдумға қарсылық білдірген. Бір топ адамды полиция ұстап әкетті.
Бүгін Алматыдағы ұлттық баспасөз клубында Азиада ойындарын ұйымдастыру комитеті «Азиада елшісі-2011 атты » акция ұйымдастырылғаны айтылып, сол акцияға қатысушыларға арнайы мандат тапсырды.
Сарапшылар мен саясаткерлер президент өкілетін ұзарту жайындағы референдумға қатысты ой-пікірлерін Азаттыққа білдірді.