Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтардың 14-і күні Астанада сенат пен мәжілістің бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан Конституциясына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту және «елбасы» ұғымы туралы өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын екі оқылымда қарап, оны бірауыздан қолдап дауыс берді.
Егер президент өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді мақұлдап заңға қол қоятын болса, «тұңғыш президенттің» ешбір сайлаусыз- ақ билік басында тағы он жылға қалуы референдум арқылы заңдастырылатын болады.
Ал президент бұл өзгертулерді мақұлдап қол қоймаса да, бүгінгі қабылданған заңдар он күннен кейін күшіне енеді дейді Азаттыққа берген түсініктемесінде заңгер Қабылсаят Әбішев.
Жұма күні «Голос республики» басылымының жаңа саны Алматыдан өзге аймақтарға жетпей қалды. Алматы полициясы басылымның тиражының бір бөлігін еш түсіндірместен тәркілеп алған. Сарапшылар елде санаулы тәуелсіз басылымдарға қысым үдей түскенін айтады.
Қырғызстан парламенті жұма намазға қатысу үшін жұмыс аптасының соңғы күні түсте екі сағаттық үзіліс жариялау мәселесін талқылап жатыр.