Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
«Азаттық» сыйлығының лауреаттары болып «Назарбаев, кет!» ұранының авторы Ермек Нарымбаев, қашқындағы банкир Мұхтар Әблязов және «Алға!» партиясының белсендісі Игорь Колов аталды.
Адам құқын қорғаушы белсенділер түрмедегі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің шартты түрде бостандыққа шығу турасындағы өтінішінің қанағаттандырылмауы - президент өкілетін ұзарту жөніндегі референдуммен байланысты болуы мүмкін деген мәлімдеме жасап отыр.
«Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы демократия күнінің мәні мен мағынасына, демократиялық күштердің ынтымағы мен бірлігіне қатысты ой орамдарын ортаға салады.