Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына үміткер ретінде Нұротан партиясынан ұсынылды, жұма күні ол Орталық сайлау комиссиясы құрамындағы Лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілді еркін білу, меңгеру бойынша сынақтан өтті. Президент Хосни Мүбәрак биліктен әзір кетпейтінін аңғареқан соң, Египет еліндегі саяси ахуал жұма күні де ширыға түсті. Зейнеткер Сейіткерім Қожаназардың жала жапты, ар-намысымды таптады деп оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалинге қарсы берген арызы бойынша қозғалған істі Алматының Медеу аудандық сотының судьясы қысқартты. Осыдан бес жыл бұрын белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев кісі қолынан қаза тапты. Өмірінің соңғы жылдары Қазақстандағы оппозиция жетекшілерінің біріне айналған саясаткер туралы естеліктерінде жергілікті азаматтық қоғам өкілдері оның бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі саяси кезеңнен өткенін айтады.