Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат басталған күні мемлекеттік «Қазақтелеком» мекемесіне қарасты «Нұрсат» компаниясы аяқастынан Азаттықтың Алматы бюросындағы интернет байланысын үзіп тастап, тілшілерді байланыссыз қалдырды.
Кезектен тыс президент сайлауының додасынан шығып қалған кәсіпкер Серік Сапарғали президент Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетуге шақырып, мәлімдеме жасады.
Азаттық радиосының әріптестігімен «Қазақстан президенті сайлауының айнасы» деген атпен жаңа сайт жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз. Ол сайтқа кірген қазақстандық кез келген азамат сайлау науқаны барысы жайында өзі көріп-білген ақпараттарын жариялап, азаматтық бақылау жасай алады.