Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Совет одағы кезеңінен тойланып келе жатқан 8-наурыз халықаралық мейрамы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де мереке ретінде аталып өтіледі.
Қазақстандағы саясат пен бизнесте жүрген және отбасы ынтымағын сақтап, ұрпағын өсіріп отырған аналар 8 наурыз мерекесі жайында өздерінің түрлі пікірлерін Азаттыққа білдірді
Ал алты баланың анасы, қызылордалық Мырзаш Тілеуованың Азаттыққа берген сұқбатында ауылдық жердегі көп балалы отбасындағы аналардың жағдайы турасында әңгіме болады.
Қырғыз президенті Роза Отунбаева АҚШ мемлекеттіе департаментінің хылықаралық Қаһарман әйел сыйлығына лайықты деп табылды.
Өзбектің адам құқын қорғаушысы Мүтабар Тәжібаева дәл осы сыйлыққа 2009 жылы ие болған еді, ол Оштағы адам қырғынына жол берген қырғыз президенті «Қаһарман әйел» сыйлығына лайықты деп есептемеймін сондықтан онымен бір қатарда болғым келмейді деп, өз сыйлығынан бас тартатынан мәлімдеді.
Ұйғыр ұлтының шетте жүрген құқық қорғаушысы, диссидент Рәбия Қадыр Шыңжаңдағы ұйғырларғдың тәуелсіздігі үшін күресін жалғастыра беретіндігін айтады Азаттыққа берген сұқбатында.