Дөңгелек үстел
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының қарсаңында Онлайн-ресурстардың бұрын-соңды болып көрмеген белсенділігі байқалады. Алдағы президент сайлауының осыған дейін барлық сайлаудан ерекшелігі де осында болып отыр.
Мысалға, қазіргі президенттің саяси қарсыластары Интернетте оның биліктен кетуіне қол жинау науқанын бастады. Қол жинау жаңадан ашылған Elbasy.net сайтында жалғасып жатыр. Сайтты ашушылар президент Назарбаевтың сайлауға түсетін бақталастарын дауысқа түсуден бас тартуға, ал ел азаматтарын дауыс бермеуге шақырады.
Сайлаудың қарсаңында саяси оппозиция да белсенді түрде интернет-технологияларды қолдануға көшті. Ресми тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясы YouTube-ке алдағы сайлауға бойкот жариялауға үндейтін бейне-сюжеттерді көптеп орналастыру үстінде.
Қазақстанда онлайн-баспасөз құралдары барған сайын белсенді рөл атқара бастады.
Онлайн-баспасөзі Қазақстанды толық қамтып отыр ма және оның ақпарат өнімдері қарапайым сайлаушыларға жетіп жатыр ма? Онлайн-баспасөздің ықпалын үйреншікті ақпарат құралдарының ықпалымен салыстыруға бола ма?
Осы және тағы басқа сауалдар Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті Дөңгелек үстелінде талқыланды.
Дөңгелек үстелдің толық жазбаша мәтіні мен аудио-үлгісін Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып, тыңдай аласыз.