Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Бейсенбі күні Қазақстанның батысындағы Орал қаласында «Гидромашорион» зауытының жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп,наразылық акциясына шыққан.
Франция Ливияның оппозициялық кеңесін мойындағандықтарын жариялап отыр.
«Форбс» журналының тізіміне қарағанда, Қазақстанда ресми танылған 5 миллиардер бар болып шықты, оның басында жыл ішінде дәулеті 1 миллиард долларға өскен «Қазақмыс» компаниясының жетекшісі Владимир Ким тұр.
Өткен жылы Қызыалғашта ондаған адамның өмірін алып кеткен су апатына 12 наурызда бір жыл толады, Азаттықтың тілшілері Қызылағаш жұртының айтарлары мен көңіл түйткілдерін тыңдап, осы ауылдан түнде ғана оралған болатын.
Қазақстан тұрғындарының тек 8 пайызы ғана белсенді түрде наразылық акциясына дайын дейді қазақстандық сараптамалық ұйымдар альянсы өздері жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып.