Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласында босқындарды қорғау және Орталық Азиядағы халықаралық миграция тақырыбына арналған аймақтық конференция өтті. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі басқармасы, Халықаралық миграция ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырды.
«Миграцияның бірнеше себептері бар. Сондай ақ олар бейімдеу мен адам құқықтарын сақтауды талап етеді. Қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты іздеп, адамдар көшуге мәжбүр болады. Орталық Азияның көшіп қону бойынша тәжірибесі мол. Жүз мыңдаған мигранттар Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан Қазақстанға, Ресей Федерациясына қоныс аударады», - дейді Миграция жөніндегі халықаралық ұйым бас директорының орынбасары Лаура Томпсон.
Сарапшылардың пікірінше, ХХІ ғасырда адамдардың орын ауыстыруы, яғни көші-қон мәселесі реттеулі, реттеусіз, ерікті әрі мәжбүрлік сипат алып отыр. Осының өзі бүкіл әлемнің әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайына тұрлаулы әсер етеді дейді олар.