Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда өткелі отырған президенттік сайлау мерзімі жақындаған сайын ол сайлауға бойкот жариялауға шақырғандардың қатары да толыға түсуде, олардың арасында сайлауға түскісі келгенімен, үміткер ретінде тіркеле алмай қалғандар да бар. Астанада президентке ашық хат жолдаған "желтоқсаншылар" Желтоқсан оқиғасының мәртебесін айқындайтын жаңа заңның қабылдануын сұрайды. Халықаралық күштердің Ливиядағы операциясына әркім әрқалай баға беріп жатыр. Бірі оны адами әрекетке баласа, тағы біразы имперализмнің әскери интервенциясы деп атады. Алматыда кісі қолынан қаза тапқан қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа берілді. Каспий теңізіндегі аса ірі Қашаған кенішінде жұмыс істеп жатқан Consolidated Contractors Company (ССС) құрылыс компаниясының қазақ жұмысшылары «дискриминация мен жалақы мәселесін көтергеніміз үшін қудалауға түстік» деп шағымданады