Денсаулық

Your browser doesn’t support HTML5

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сү­йен­сек, құрт ауруымен ауыратын тұр­ғын­дардың саны бойынша жағдай әлі де жақсарар емес. Құрт ауруына шалдыққандардың саны жағынан Қазақстан 212 елдің арасында 33 орында тұр. Сондай ақ ұйымның Орталық Азиядағы туберккулезді қадағалау өкілділігінің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш өңір елдері арасында Қазақстанда емдеу бойынша ең төменгі көрсеткіш. «Туберкулез қазіргі заманғы қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаһандық проблемасы болып отыр. Адамзаттың үлкен тәжрибесі мен жеткен жетістіктеріне, ұтымты емге қарамастан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша жыл сайын 9 млн-ға жуық адам сырқаттанып мен 2 млн-ға жуығы қайтыс болады», - дейді Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Татьяна Слажнева.