Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласында 2000 жылдан бері джаз фестивальі өтеді. Фестивальді ұйымдастырушылар жастар арасында джаз музыкасына қызығушылар қатары артып келетінін айтады.
Фестивальға биылғы жылы Америкадан, Франциядан, Германиядан, Түркиядан және Австриядан есімдері әлемге әйгілі музыканттар келді.
Орталық Азия бойынша жастарды джаз музыкасына бейімдейтін мектеп Алматы қаласында орналасқан. Мектеп оқушылары бірнеше аспапта ойнау үйренгендерін алға тартады. Ал ұстаздары болса, оқушылар кез-келген жанрда ойнап үйренетінін айтады.
Фестивальға Америкадан келген Шамаррр Аллен және Андердогз джаздан өзге рок, хип-хоп сияқты музыка жанрларын ала келген. Шетелден келген музыканттар қазақтың ұлттық аспаптарын джаз жанрына енгізіп, бірігіп ойнауды ұсынды.
Биылғы жылы өткен джаз фетивальіне өткен жылдармен салыстырғанда көрші мемлекеттерден музыканттар келмейтіні белгілі болды. Фестивальды ұйымдастырушылар оны көрші мемлекеттерде де фестиваль өтіп жатқанымен және оларды Қазақстанға арнайы шақыратын қор болмағандықтан қаржылай мүмкіндіктерінің жоғымен түсіндірді.