Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Сәуірдің 19-ы күні бір топ баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстанның билік органдарына үндеу жолдап, елде сөз бостандығының жағдайына алаңдап отырғанын жеткізді.
Қазақстан қытай билігінің өтінішімен ұйғыр босқынын Қытайға қайтармақшы.
Киевте Чернобыль апатының 25 жылдығына орай Донор елдердің конференциясы басталды.
Қазақ АССР Орталық атқару комитеті осыдан 90 жыл бұрын – 1921 жылы 19 сәуірде «Жерлерді еңбекші қазақ халқына қайтарып беру» деген Заң шығарды.
Осы атаулы күнге орай Азаттық радиосына сұқбат берген, Совет билігі тұсындағы қазақ тарихының маманы, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Бейбіт Қойшыбай қазақ жерінің қашан да биліктің құралына айналып келгенін айтады.