Дөңгелек үстел

Your browser doesn’t support HTML5

«Зұлымдық империясы» атанған Совет Одағы кезінде «коммунизм құрылысшысының моралдық бейнесі» деп аталатын ар-намыс кодексі сынды кодексі болатын. «Коммунизм құрылысшысы» деп Совет Одағын билеп-төстеген компартия мен комсомол басшыларын атайтын да, әлгі моралдық бейнеге осылар лайық болуға тиіс еді. Із жүзінде олардың қаншалықты лайық болғаны - басқа әңгіме. Ал сол Совет Одағының шекпенінен шыққан бүгінгі Қазақстанды 20 жылдай үзіліссіз билеп келе жатқан кешегі компартия көсемдері қандай да бір ар-намыс кодексіне лайық болуға тырыса ма? Азаттық радиосының осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел талқылауын тыңдаңыздар.