Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қанатбек Аяшев майданға 18 жасында аттанған. Төрт жас үлкен ағасын да әскерге әкеткенде хат танымайтын кәрі әке-шешелері ғана қалыпты.
Аздаған әскери дайындықтан өткізген соң Қанатбекті өзі қатарлы жас сарбаздармен бірге майдан өтіне жіберіпті.
– Вагонмен әкеліп, түн ортасында түсірді де, «енді соғысқа кірісесіңдер» деп қолымызда бір-бір автомат берді. «Бір жапырақ қағазға аты-жөндеріңді, қайдан келгендеріңді, елде қандай туыстарың қалғанын жазып, шалбарларыңның қалтасына салып қойыңдар» деп бұйырды. Жаспыз ғой - дәл ол кезде бұл сөзге мән бермедік, өйтсек қайтыс болған адамдардың дерегін сол қағаздан біледі екен ғой, – дейді қария.
Жараланған, өлген адамдарды көргенде зәресі ұшқан Қанатбек Аяшев екі күннен кейін ондайға еті өліп кеткенін айтады. «Өліп жатқан немістің етігін шешіп алып кигендер де болды» дейді соғыста бастан кешкендерін әңгімелеген ақсақал.