Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Қазақстан аулында тұратын төрт баланың анасы Күлихан Ахметжанова ауылда бес мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Оның айтуынша, аталған ауылда жағдайы төмен жалғыз басты ана ретінде тіркелген өзі ғана. Ол мемлекет тарапынан алатын 17 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы балаларының тамағына ғана жететінін айтады. Ал мал асырауға пәтер жалдап тұратындықтан мүмкіндігі жоқ.
Оның айтуынша, балаларына етпен тамақ жасап берген күн балары үшін ерекше мейрам. Ол әкімшіліктен көмек сұрап бірнеше барғанмен, құр уәдемен шығарып салатындықтан, көмек беріледі дегенге сенімсіздік танытып отыр. Ал жергілікті әкімшілік берген 15 сотық жер теліміне үй салуға мүмкіншілігінің жоқтығын айтады.
Күлихан Ахметжанованың бірінші сыныпта оқитын баласына мектеп әкімшілігі тегін тамақ береді. Алайда ол бюджеттен берілетін тамақтың өзі толыққанды беріле бермейтінін алға тартады. Ол мектепте оқитын енді екі баласы үйде жақсы тамақ ішуге мүмкіндіктері болмағандықтан, мектеп асханасынан тамақтанғысы келетіні айтады. Балаларының сұраған тамағын тауып бере алмай отырғанына қиналған Күлихан Ахметжанова ауыл дүкендерінен қарызға алады екен.
Ауыл тұрғындары бау-бақша отырғызып, мал өсіріп, ауыл сыртына егін салып күн көріп отыр. Тұрғындар егін салғанда судан да тапшылық көрметіндерін айтады. Олар қандай да бір жұмыс орындарының ашылатына сенбейді. Сондықтан Алакөл ауданы Қытайға жақын орналасқан аудан болғандықтан ауыл тұрғындары көрші елден тікелей тауар алып келіп, сатумен айналысады.
Кейбір тұрғындар Күлихан Ахметжанованың мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекке ғана қарап отырғанына наразы.