Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні бұрын аталып өтіп келген Халықаралық телекоммуникациялар және дүниежүзілік ақпараттық қоғам күнін» ауыстырып отыр. 2006 жылғы қарашада Халықаралық Электр байланысы одағының Анталиядағы (Түркия) Уәкілетті конференциясында бұл екі атаулы күн 17-ші мамырда Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні ретінде аталып өтіледі деген шешім қабылданды.
Осы күнге шейін Қазақстанның ірі қалаларының бірі Алматының іргесінде тұрған ауылда электр байланысы, телефон, су құбыры сияқты тағы да басқа коммуналдық игіліктер жоқ. Тұрғындар 21-ші ғасырда тұрып жатқан жоқ сияқтымыз дейді.
Алматы облысы Талғар ауданы Қайнар округі Жаңалық ауылының тұрғыны Нұржамал Алпамысова отбасымен бірге қала сыртына көшкен кезде қандай жағдайда тұратынын білмегенін айтты:
Сұхбаттасымыздың көршісі Маржан Әлімбекова Жаңалық ауылына 2009 жылы көшіп барған екен:
Нұржамал Алпамысованың қолында радио арналарын қабылдайтын ұялы телефон бар. Ол осы құрылғы арқылы біраз көңіл көтереміз дейді. Алайда оның өзін зарядтау үлкен қиындық туғызатын көрінеді
Д
үниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні - барлық программистердің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылымдар редакторларының басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы. Алайда барша халыққа жаңалық болудан қалған электр тоғы мен телефон байланысы жоқ Жаңалық ауылының тұрғындары әзірше ғаламтор байланысы туралы ойламайтындарын айтып отыр.
Жаңалық ауылында тұратын 200 отбасы қазіргі уақытта бірігіп президент Нұрсұлтан Назарбаев хат жазыпты, келесі кезекте премьер министр тұр. Олар бір апта ішінде жауап келеді деп күтіп отыр.