Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгін экс-министр Жақсылық Досқалиев қамауда ұстаудың жеңілдетілген түрі - үйқамаққа көшірілді. Бұл туралы Астанада басталған сотқа төарғалық етіп отырған судья Мейрам Жанғұттинов мәлімдеді. Бұған дейін «денсаулығына алаңдаулымыз» деген Досқалиевтың туыстары бұл шешімге қатты қуанып отырғандықтарын жеткізді. Алайда Досқалиевтің өзі тілшілерге қандайда бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.
Алматыда екі жылға жуық уақыт бұрын қаза тапқан қырғыз журналисі Генадий Павлюктің өліміне қатысты соттың алдын-ала тыңдауы жабық жағдайда өтті. Адвокаттардың айтуынша айыпталушылар кінәлі емеспіз деп отыр.
Қазақстанда балалар үйлеріндегі жағдай өте алаңдатарлық деп мәлімдеді Астанада ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қоры) ұйымы өкілдері жұма күні. Олар бірқатар интернаттар мен балалар үйіндегі мыңға тарта бала мен тәрбиешілер арасында сауалнама жүргізген.
Ұйым жүргізген зерттерулер нәтижесінде әдетте балаларға қысым мен зорлықты мекеме қызметкерлері жасайды екен. Алайда жиынға қатысқан Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәселеге қатысты өз уәждерін алға тартты.
Ауғанстанның бүгіні мен болашағының Орталық Азияның тұрақтылығы мен қауіпіздігіне әсері деген тақырыпта жұма күні Алматыда басталған халықаралық конференцияда сарапшылар жақында Қазақстанның Ақтөбе мен Астана қалаларында болған жарылыстар экстремистік күштердің Қазақстанға қаптай бастағанының дәлелі деген ойларды ортаға салды