Дөңгелек үстел
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттық бағдарламасы «Дін істері бойынша агенттік «дамытқысы келетін қалыпты ислам» нені білдіреді?» деген тақырыпқа өткізілген дөңгелек үстел сұқбатымен жалғасады. Қазақстанда жаңадан құрылған дін істері бойынша агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф қалыпты исламды дамытудың тұжымырдамасы жасалатынын мәлімдеді. Оған қоса Лама Шарифтің сөзіне қарағанда, Батыс елдерінің тәжірибесі бойынша және Қазақстан халқының көпшілігі ұстанатын дінге басымдық беру мақсатында «Бір ұлт - бір дін» идеясы іске асырылуы мүмкін.
«Бір ұлт - бір дін» бастамасы Қазақстандағы өзге де діни бірлестіктер мен топтардың наразылығын туғызбай ма? «Қалыпты ислам» тұжырымдамасы - мемлекеттің дін істеріне араласу емес пе және ол тұжырымдама - Қазақстанды «зайырлы мемлекет» деп жариялаған конституцияға қайшы келмей ме?
Дөңгелек үстел барысында осы мәселелер сараланды.