Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада Астана мен президенттің туған күні кең көлемде тойланып жатса, Алматыда Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларының ереуілге шыққан жұмысшыларына қолдау көрсеткен түрлі қозғалыс мүшелері Қытай консулдығы алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар биліктен жазықсыз түрмеде отырғандарды босатуын және қытай инвесторларынан жұмысшылар құқығын бұзбауын талап етті.
Беларуста жүздеген адам үкіметке қарсы наразылық акциясына шыққаны үшін түрмеге қамалып, жазаланып жатқаны турасында ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр.
АҚШ Орталық барлау басқармасы мен Федералдық тергеу бюросына сілтеме жасай отырып, дүние жүзіндегі ең қауіпті деген 10 қылмыскерді жариялады. Соның бірі - "Тайванчик" лақап атымен танымал Алимжан Тохтахунов.
Жақында Алматыдан бір топ өнер қайраткері «Шыңғыс хан ізімен» атты жоба бойынша экспедицияға аттанды. Бұл жобаның кеңесшісі әрі шығармашылық жетекшісі Мұрат Әуезов Азаттыққа берген сұхбатында экспедицияның ерекшелігі жайлы айтады.