Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Батыстың кейбір басылымдары қысқа мерзімдік еңбек демалысы барысында Германияда емделіп, операция жасатып шықты деп хабарлаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні үкімет мүшелерімен кеңес өткіздді днп хабарлады ресми сайттар.
Қазақстанда жанармай сакдасымен айналысатын компаниялар өнім бағасын көтеруді сұрап отыр. Қарапайым тұтынушылар болса бұған наразы.
Балқашта «өзін-өзі жарды» делінген азаматтардың мәйіттері туыстарына толықтай тапсырылып болған жоқ. Бұған қатысты құқық қорғау органдары сараптама шараларының әлі аяқталмағанын айтады..
АҚШ мемлкетттік департаменті Қазақстан мен Түркменстанды «терроризм қаупі бар» мемлекеттер тізіміне енгізгендігі белгілі болды. Бұған қатысты елдің Cыртқы істер министрлігі болса түсінік-пікір білдіруден іргелерін аулақ салып, «біздің қатысымыз жоқ, сұрақтарыңызды АҚШ тарапына қойыңыздар» деумен шектелді.
Жуықта Татарстан мемлекеттік мәдениет комитеті парламентке «латын графикасына негізделген татар әліпбиі жөніндегі заң» қарастыруды ұсынды. Бұдан кейін «Ресейдегі «татар проблемасы» «татар тілін сақтап қалу проблемасына» айналды»
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасының Рамазан айы алдындағы үндеуінде азық-түлік нарқын, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырды. Сарапшылар бас мүфтидің Маңғыстаудағы ереуілшілер мен елдің түкпір түкпірінде болған жарылыстарға қатысты өз көзқарасын білдірмей экономикалық мәселеге көңіл аударғаны дұрыс емес деп санайды.