Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Ғалымдардың дәлелдеуінше, қымызды қазақтар 6 мың жыл бұрын пайдалана бастаған. Оның адам ағзасына пайдасы жайлы білгеннен кейін енді Еуропа мемлекеттері өндіре бастаған. Қазіргі таңда қымыздан әртүрлі косметикалық өнімдер де шығарып отыр.
Арал өңірінің тұрғыны Несібелі Мұратбаева қымызды тек тобылғы немесе құртқашаш деген шөппен ғана ысталған ыдыста ашытатын айтады. Оның айтуынша, аталған шөптер қымыздың дәмді болуына септігін тигізеді.
Қымызды сатумен айналысатын "Сарыжайлау" қымыз өндіретін мекеменің басшысы Нұрсила Ахметбек қымыз өндірісін қолға алмастан бұрын бір жылдай зерттегенін айтады. Ол Қазақстанда қымыз өндірісі дұрыс жолға қойылмай отырғанын айта келе, тек лас ыдыстарға құйылған қымыз сатылып жүргендіктен өз құнын жоғалтып отыр дейді.
Сонымен қатар Нұрсила Ахметбек қымыздың құрамындағы витаминдердің адам ағзасына тек пайдасы болмаса, дәрілер секілді зияны жоқ дейді. Өйткені дәрі-дәрмек адам организмінің бірін емдесе, екіншісін күйрететін алға тартқан ол қазір саудаға түсіп жатқан газдалға сусындардың адам денсаулығына қаншалықты зиян тигізіп отырғанын айтып өтті.