Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Human Rights Watch ұйымының өкілі Маңғысатуға барып, ереулідеп жатқан мұнайшыламен кездесіп жүр деп хабарлайды біздің осы аймақтағы тілшіміз.
Осыдан бір күн бұрын белгілі болғанындай, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысы басшылығына Теміртаудағы № 9 мектеп-лицейді өзгертпей, орыс тілінде білім беретін мектеп етіп қалдыруды тапсырған. Дегенмен облыс әкімшілігінің өкілі әкіммен сөйлескеннен кейін премьер пікірін өзгертті дейді.
Кәсіпкерлік байлықтың кілті болғанымен, әйелдер бұл салада ерекше қиындықтарға жолығады дейді зерттеушілер.
Қырғызстан халқының көбінің құнарлы асқа жарымауы елге қатты тиіп жатқаны айтылып отыр. Кедейлік, денсаулық пен білім беру жүйелерінің жетілмеуі, азық-түлік пен қаржы дағдарысының салдары да бұл мәселені үдете түсті дейді «Азаттық» радиосының тілшілері.
Тамыз айының бірінде басталған Қасиетті Рамазан айының жартысына жуық уақыты артта қалды. Алматы қаласының тұрғыны Жақсылық Амантайұлының Ораза тұтқанына он жылдан асыпты. Ол биылғы жылғы Рамазан айы былтырға қарағанда жеңіл өтіп жатыр деп санайды. Сұхбаттасымыздың пікірінше, оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Сонымен қатар бұл мұсылмандардың міндетті парызы дейді ол.