Руханият
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгін «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
1930 жылы 15 тамызда композитор, қазақ музыкасының бір шыңын бағындырған сазгер Шәмші Қалдаяқов дүниеге келді. «Арыс жағасында», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Өмір өзен», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам әннің авторы. Шәмшінің әндері бүгінгі күні ерекше танымалдылыққа ие. Жыл сайын Шәмші әндерінің әр түрлі кештері, фестивальдар өткізіліп тұрады. 2006 жылы Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Менің Қазақстаным» әні Республиканың әнұраны болып бекітілді. Шәмші Қалдаяқов тірі болса биыл 81 жасқа келер еді.
Әнші Гүлмира Ақұрпекова эстрадамен ең алғаш сахнаға Шәмші Қалдаяқовтың «Тамды ару» әнін орындап шыққан. Ол «Тамды аруды» әлі күнге дейін концерттерде орындап жүретінін айтты.
Шәмші Қалдаяқовтың жерлесі, ақын Мұхтар Шахановтың анасы Шәмші Қалдаяқовты өзінің бір баласындай көрген. Ол ақын Төлеген Айбергеновты үлкен ұлым, Шәмші Қалдаяқовты ортаншы, ал Мұхтар Шахановты кіші ұлым деп айтқан екен.
Әнші Сембек Жұмағалиев те Шәмшінің әндерін жақсы көретіндігін жеткізді. Ол Һас талантты халық тірі кезінде ардақтауы керек, оны тірісінде қадіріне жетуі керек екендігін айтты.