Зерде
Your browser doesn’t support HTML5
Ищағы Жағыпарқызы Абай ұрпақтарынан санаулы ғана тұлға қалғанын айтады. Ол әкесі Жағыпар бар кезде ештеңеден таршылық көрмегенін айта келе, қиыншылықтың барлығы әкесі өмірден өткен соң басталғанын әңгімелеп берді.
Ищағы Жағыпарқызы Абайдан тараған ұрпақтардан қазір үш еркек кіндікті, үш әйел адам ғана қалғанын айтады.
Сұхбаттасымыз әкесінің көп адамға қамқор болғанын, қазақ балаларына білім беру үшін Шығыс Қазақстан облысында арнайы мектеп ашқанын айтып берді.
Ищағы Жағыпарқызы әкесіне у беріп әдейі өлтірді дейді. Ол әкесі өлген соң туыстары қамқорлыққа алмағанын қайта, әкесінің бар жиған малынан айырылып қалғанын айтты.
Сұхбататсымыз Ищағы Жағыпарқызы балалар үйінде тәрбиленгісі келмегенін және ол жерден мектеп-интернатқа үлкен қиындықпен ауысқанын еске алды.