Дөңгелек үстел

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстел талқылуаының  тақырыбы «Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп соттау Ақорданың ноу-хауы ма?» деп аталады. «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколованың Ақтауда «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген бап бойынша 6 жылға сотталуы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш сот ісі болып отыр. Қарапайым мұнайшылардың құқын қорғап келген Наталья Соколованың тұтқындалуы мен сотталуы және әсіресе оның 6 жылға түрме жазасына кесілуі Қазақстанның өз ішінде ғана толқуларды өрбітіп қана қоймай, бірқатар халықаралық ұйымның да ащы наразылығын туғызды. Соколова не үшін сотталды және соттан кейін Маңғыстаудағы оқиғалар қалай өрбуі мүмкін? Дөңгелек үстелде осы және басқа да ушыққан мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелдің жазбаша мәтіні мен толық аудио-үлгісін Азаттық Радиосының сайтынан оқып тыңдауға болады.