Руханият

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыстанушы-иранист Ғалия Қамбарбекова ғылыми экспедиция кезінде Ирандағы кітапханалардың бірінен табылған «Тарих-и Сафавие» қолжазбасынан Қасым хан туралы соны мәліметтер кезіктіргені айтады. Алайда кейбір тарихшылар жаңадан табылған деректің шынайлығына күмән келтіреді. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мар‘аши Тәбризи. Зерттеушінің айтуынша, аталмыш қолжазба – сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасырлар) тарихы жайлы, осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы жазылған, 372 парақтан тұратын қомақты еңбек.   Қолжазбаның бір бөлімінде зерттеуші Ғалия Қамбарбекованың айтуынша, Иран билігіндегі сефевидтер әулетінің Орта Азия хандарымен байланысы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. Алайда иранда табылған деректерге қатысты пікір білдірген  тарихшы Берекет Кәрібаев  қолда бар деректермен салыстыра келгенде оның күмәнді тұстары бар дегенді алға тартады.