Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
1961 жылы қабылданған азаматтығы жоқтықты азайту конвенциясына 50 жыл толды. Қазіргі кезде бұл құжатқа әлемнің 30 елі қосылып, ратификациялаған. Бұнымен қатар тағы 66 ел 1954 жылы қабылданған апатридтер мәртебесі конвенциясына қосылған.
БҰҰ - ң Бас ассамблеясы әлемде басқа құзырлы орган болмағанадықтан ұйымның босқындар туралы агенттігіне қосымша мандат берді. Алғашқы жылдары БҰҰ Орталық және Шығыс Еуропадағы күштеп көшірілген Қырым татарларына көмек көрсетумен айналысты. Ал соңғы жылдары агенттік өзінің өкілеттілігін Азия, Африка, Таяу шығыс және Америкада кеңейтіп отыр.
«Адам құқықтары ортақ декларациясының 15 бабында әр адам азаматтық алуға құқылы деп жазылған. Бұл менің, сіздің, әрбір туылған адамның құқығы.
Халықаралық құқық бойынша азаматтығы жоқтық мүлдем болмауы керек», - дейді БҰҰ Бас комиссары басқармасының Орталық Азиядағы босқындар ісі бойынша аймақтық үйлестірушісі Сабер Азам.
БҰҰ құқықтық мәселелер жөніндегі аға кеңесші Эммануиль Миттенің әңгімелеуінше, Орта Азиядағы азаматтығы жоқ адамдардың көп болуына Кеңес Одағының ыдырап, жаңа мемлекеттердің пайда болуы үлкен ықпалын тигізген.
«Біздің есебімізше, бұрынғы Совет Одағы құрамынан шыққан елдерде әлі де 500 мыңға жуық адам азаматтық алып үлгермеген. Көбісі оны қажет етпестен, бұрынғы КСРО құжатымен жүрген. Осының есебінен олар бұл елдерде тұрғанмен, олардың азаматы болып саналмайды», - дейді маман.
«Қазақстанда азаматтығы жоқ 8 мыңдай адам бар, бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз, өйткені азаматтығы белгісіз адамдар көп, олар ресми түрде азаматтығы жоқ деп танылмаған мұның екі түрлі себебі бар. Біріншісі - заңнамалық проблема. Екіншісі - Совет Одағының өзге елдерінде тұрған адам, сол елден тұрғылықты жері бар не жоқ екендігі туралы анықтама беруі тиіс», - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесші Рубен Лью.
Әділет министрлігінің ақпараттарынша, қазақстандық паспортпен құжаттандыру науқаны сонау 1999 жылы аяқталған. Алайда министрлік осы уақытқа дейін Советтік паспортпен жүргендер бар деп хабарлап отыр. Мысалы 2009 жылдың өзінде 7000 адам қазақстандық құжат алуға өтініш берген екен. Министрлік жыл сайын шалғай жатқан ауылдарға барып түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген болатын.