Қазақтар - әлемде
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгінгі тыңдайтын хабарыңыз этникалық қазақтардың көшіп келу мәселелері және көші-қон заңы туралы болмақ. Маусым айында президент жарлығымен "халықтың көші-қоны туралы" жаңа заң қабылданды. Заңгер мамандар мен шет елден көшіп келіп жатқан қазақ азаматтары жаңа заңға оң баға беріп отыр. Алайда, заң қабылданғанымен, оралмандар мәселесі өзекті күйінде қалып отыр деген депутат Алдан Смайыл жаңа заң бұрынғы заңмен салыстырғанда біршама реттелген. Енді шет елден келетін қазақтардың санына шек қойылмайды деп отыр.
Алайда, заңды толық түсінбей жатқан азаматтар бар екенін айтқан Қытайдан келген Нәбижан Мұхаметханұлы, көшіп келушілерді қабылдау әр облыста әр түрлі жүргізіліп жатыр дейді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Этникалық көші-қон құрылтай шешімдері және жаңа заң" атты дөңгелек үстелінде сөз сөйлеген Роза Өміртай көші-қон басқармасында білікті мамандар жұмыс істеуі керек, және көшіп-қону саласына көбірек қаражат бөлінуі керектігін айтып отыр.