Күнделікті бағдарлама
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда түрлі дәрежедегі шенеуніктердің жемқорлық айыбымен ұсталып, жауапкершілікке тартылу науқаны жалғасын табуда.
Бұл жолы Қазақстанның жер ресурстарын басқару саласындағы шенеуніктер қылмысты болып қалған.
Күз түсіп, қылышын сүйреткен қыс та жақындап қалды. Ал Қазақстанның батысында мамыр айынан бері еңбек жағдайын жақсартып, жергілікті коэфициентті қосу талабымен ереуілдеп жатқан мұнйшылардың наразылық акциясының аяқталар шегі мен шеті әзірге көрінер емес, өйткені ереуілдегендердің жұмыстан шығып қалғаны болмаса, билік пен жұмыс беруші тарабынан басқадай қимыл -әрекет байқалмайды.
Тәуелсізіктің 20 жылдығында Орта Азия республикаларында орыс тілінің ықпалы азайып келе жатқаны байқалады деп жазады Азаттық радиосының сарапшылары. Орталық азияның Қазақстаннан басқа елдерінде жағдай осы аталғандай болуы мүмкін, ал қазақстанда ресми орыс тілдінің дәурені жүріп тұрғанын аңғару қиын емес.
«Сулузуктар Семей тұрғындарына көмекке асығуда» мультфильмі Семей ядролық полигонының проблемаларына арналған. Мультфильм авторының айтуынша, бұл туынды арқылы олар халықты ақпараттандыру кеңістігін кеңейтпекші
.