Қазақтар - әлемде
Your browser doesn’t support HTML5
Шет елден көшіп келу қазақтар үшін қиынға соғып тұр. Алматы облыстық көші-қон басқармасы және Алматы қалалық көші-қон комитеті оралмандарды азаматтыққа қабылдамай жатыр.
«Жебеу» оралмандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рахым Айыпұлы Алматы облысында азаматтыққа қабылдамау туралы бұйрық шыққанын айтты.
Ал, Алматы облыстық көші-қон басқармасының бастығы Елмұрат Нұрсейітов бұл уақытша жағдай деп жұбатты. Елмұрат Нұрсейітов Парламентке заңда кеткен олқылықтарды түзетуге жібердік, заң өзгере салысымен азаматтыққа қабылдауды бастаймыз деп отыр.