Уақыт бедері
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда діни сенімі үшін қысым көретіндер не себепті көбейіп барады немесе тағы да хиджаб пен сақал мәселесі қоғамдық дауға айналып тұр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Степной ауылының тұрғыны Бағдат Шайдазимов «аудан әкімі сақалыңды ал дегенді айтты» деп отыр. Оның сөзінше, бұл оқиға өткен аптаның соңында аудан әкімімен өткен жиналыста айтылған.
Созақ ауданының әкімі Берік Мейірбеков өткен аптада жиналыс өткенін растады. Әкімнің айтуынша, жиналыс «рухани келісім күніне орайластырып өткізілген».
Сондай ақ өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысында хиджаб тағуға қатысты тағы дау шықты. Шымкент қаласындағы кейбір мектеп басшылары хиджаб киген қыздарды білім ордасына кіргізбей қойған. Мақсат Сызаевтың Шымкент қаласындағы №77 орта мектептің 8 сыныбында оқитын қызы мектептегі сабағына кіре алмаған екен.
«Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевзаңды орындау барысында құқық қорғау жүйесіне назар аудару керек дейді. Оның айтуынша, қазақ ешқашан дінге байланысты жіктелмеген.
Саясаткер Дос Көшім мұндай оқиғалардың болуына заңды білмеу себепші дейді. Маманның айтуынша, қолданыстағы заң туралы билік анықтама беру керек:
Дін мәселесіне келгенде көптеген мамандар Қазақстанға зайырлы мемлекет болу маңызды дегенді алға тартады дейді Дос Көшім. Алайда саясаткердің айтуынша, зайырлы мемлекет деген түсінік дінге қарсы дегенді білдірмейді. Ол діни ұстанымы бойынша қысым көрген азаматтар бірінші кезекте прокуратураға барып шағымдану керек дейді:
Ал бұл аралықта Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының мұрындық болуымен "Әсем киім -әйел көркі" деген деевизбен қыз-келіншектердің мұсылмандық үлгідегі киімдерінің байқауы өткізілді.