Зерде
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгінгі хабарымызды сіз қазақ өнерінің қазынасы жыршылық дәстүрдің бүгінгі кездегі насихатталуы мен зерттелуі туралы әңгіме тыңдайсыз. Бізбен бірге боыңыз.
Дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева қазақтың жыр мақамдарын нотаға түсіріп, кітап қылып шығарды. Кітаптың атауы «Қазақтың жыр мақамдары». Жыраулық дәстүр қазіргі күннің өзінде кенде қалып отыр дейді Айгүл Елшібаева.
Ал белгілі жырау Берік Жүсіптің пікірінше балабақшалар мен мектептерде, орта және жоғары білім беретін оқу орындарында жыршылық өнер турді оқыту керек дегенді айтады.
Музыка зерттеушісі Бағлан Бәбіжан сыр өңірінің жыршылық мектебі жақсы зерттелді, ал Жетісу мен Маңғыстау жыршылық дәстүрі әлі көп зерттеуді, насихаттауды талап етеді деп айтты.