Бірлескен жаңа жоба
Your browser doesn’t support HTML5
Ардақты ағайын, бүгінгі хабарымыз Азаттық радиосы мен Соғыс және бейбітшілік институтының бірлескен жобасы екенін айта кетейін. Бүгінгі хабарымыз соңғы кездері орын алып отырған жарылыстар туралы болмақ.
Үстіміздегі жылда елде бірнеше рет өзін-өзі жару оқиғасы болып, ресми орган олардың террористік-экстремистік топтарға қатысы жоқ деп мәлімдеген. Соңғы рет Тараз қаласында қарашаның 12-сінде бірнеше жерде атыс пен жарылыс болды. Ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза болып, 3 адам жарақат алған.
31-ші қазанда Атыраудағы жарылыстарға қатысты бас прокуратураның деректері бойынша, жарылыстар «Халифат сарбаздары» ұйымына қатысы бар.