Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева саясат сахнасына қайта оралмақшы, Биліктің Нұр - Отан партиясы 14 сьезін өткізіп, парламент сайлауына партиялық тізіммін түсетін 127 үміткердің аты-жөнін жариялады, оларды жартысына жуығы «өзін-өзі таратқан» 4 шақырылымдағы парламент мәжілісінде депутат болғандар. Бірқатар сарапшылар Нұр- Отанның бұл тізімін «жұлдызды тізім» деп атап отыр. Партияның сьезінде баяндама жасаған президент Назарбаев 15 қаңтардағы парламент сайлауында Нұр-Отанның жеңіске жетеріне үміт білдіре келіп, Қазақстан 2017: мақсаттар деген Ұлттық жоспарды да таныстырды. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас басқармасының  Орталық Азия бойынша босқындар ісін үйлестірушісі Сабер Азам Алматыда журналистермен кездесті. «Независимая газетаның» Каспийдегі жаңа дағдарыс Ресейдің әскер кіргізуінесебеп болуы мүмкін деге баспасөз шолуын да назарларыңызға ұсынатын боламыз.