Уақыт бедері

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкент қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №64 мектептің сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сағира Нұрбекова жұмыс орнында қысымға ұшырағанын айтты. Алматы облысы Ескелді ауданы  Қарабұлақ кентінің трғыны Райхан Досқұжанова да жұмыс орнында құқығының бұзылғанына қарсылық білдірген екен. әйелдер жұмыс кезінде дискриминацияға көп ұшырайды деп санайды: «Қазақстанда жұмыс орнында әйелдер дискриминацияға тап болуда. Олардың  құқықтары  үлкен қысымға ұшырап отыр.  біз түрлі заңға тәуелді актілер, қаулылар қабылдаймыз, алайда олардың бәрі де тек қағаз бетінде қалып, іске аспайды» дейді Қазақстандағы Ерікті кәсіподақтар конфедерациясының вице президенті Лариса Хорькова. Халықтың саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адамды құраған, соның ішінде әйелдер 8,5 млн, яғни  халықтың 52 %- н құрайды.  (48 %). Қазақстан Республикасында 2010 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құраған 2010 жылы жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдердің саны 3,9 млн. адамды немесе 49 % құраған. Жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының ішінде жалданбалы қызметкерлер 2,5 млн. Адам, өз бетінше жұмыс істейтіндері – тиісінше 1,4 млн. адамды құраған. Сағира Нұрбекова өз басынан өткен оқиғадан кейін өзге де білім саласында жұмыс істейтін әйелдерге көмек көрсету үшін кәсіподақ құрған. Сағира Нұрбекова аяғы ауыр әйелді де жұмыстан шығарып жіберген кез болды дейді.  «Жас мамандар жұмысқа келген кезде дайын болмайды. Олар өз құқықтарын білмейді. Олар жұмысқа ешбір келісімшартсыз тұрады. Немесе олар бірнеше ай ішінде ақысыз жұмыс істейді. Ол сынау мерзімі мыс. Расында сынау мезгіліне де ақы  төленуі керек.  Қазіргі таңда жастардың 80 пайызы келісім шартсыз жұмыс істейді» дейді  Лариса Хорькова